in

«Зәкеңнің біраз дүниесін тапсырып кеттім»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке қатысты жаңалығын айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео салды. 

Әнші марқұм жұбайы, белгілі мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің Кеген ауылындағы ескерткішіне барып, гүл шоғын қойды.

“Кегендегі мектепке Зәкеңнің есімі беріліпті. Мектептің бір бөлмесінде арнайы мұражай ашыпты. Сол мұражайға Зәкеңнің біраз дүниесін тапсырып кеттім. Кеген әкімшілігіне шын жүректен алғыс айтамын!” – деп жазды Мақпал Жүнісова жазбасында.