in

Зеленский «Ақ қыран» орденін Польша президентіне пошта арқылы қайтарып жіберді

Украина президенті Владимир Зеленский Польша президенті Кароль Навроцкийге «Ақ қыран» орденін қайтарып жіберді. Бұл туралы ол Telegram-да хабарлап, орденді пошта арқылы жіберуге дайындап жатқан суретті жариялады.

Зеленский бұл орденнің Украина халқына және украин әскеріне берілгенін атап өтті. Ол Украина Польша халқына Ресейге қарсы күрестегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіретінін айтты.

19 маусымда Польша президенті Кароль Навроцкий X әлеуметтік желісінде Владимир Зеленскийді «Ақ қыран» орденінен айырғанын мәлімдеді. Ол поляк-украин қарым-қатынасында аттауға болмайтын шекара бар екенін айтып, бұған украиналық әскери бөлімдердің біріне Украина көтерілісшілер армиясына қатысты атау берілуі себеп болғанын түсіндірді. Навроцкийдің сөзінше, поляк қоғамының басым бөлігі УПА-ны Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде поляк азаматтарына қарсы қылмыс жасаған ұйым ретінде қабылдайды.