Әнші Айқын Төлепбергеннің жұбайы Жұлдыз Өмірғали оның бірінші әйелі Әсел Төлепбергенге қолдау білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Жұлдыз Өмірғали Instagram-да Әсел Төлепбергеннің “Таңбалы жол” атты кітабы жарық көргенін айтып, тілегін жеткізді.
“Тұңғыш кітабының жарық көруімен құттықтаймын. Блог түсіре бастағаның да құтты болсын. Табыс тілеймін. Оқырманның көңілінен шығатын кітап болсын”, – деп жазды Жұлдыз Өмірғали.
Кітап авторы жұлдызды жұпқа алғыс білдірді.
“Мың да бір рақмет, Айқын! Жұлдыз саған да рақмет! Қолдауың мен шынайы жүрегіңнің ашықтығына риза болдым. Сенің жаңалығыма деген реакцияң мені елең еткізді”, – деп жазды Әсел Төлепберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Асель (@assel_tolepbergen)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.