in

«Жүректегі өкпені жіберіп, кешіріңіз…»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде оқырмандарын кешірімді болуға шақырды, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бала кезінде ата-анасының екі жаққа кеткені өзіне оңай болмағанын жасырмады. Актриса арада қырық жыл уақыт өткенде әкесінен кешірім сұрап, табысқан. Ол оқырмандарынан өзінің өмірінен сабақ алып, ата-анамен жақсы қарым-қатынас орнатуға шақырды.

«Менің өмірім сіздердің көз алдарыңызда өтіп жатыр. 4-5 жасар бала күнімде ата-анам екі жаққа кетті. Мұны “артық драма” дерсіз, бәлкім. Бірақ арада 40 жыл өткенде, мен әкеммен қайта қауыштым. Сол сәтте ғана екі қанатым түгенделіп, жүрегім толыққандай күй кештім. Егер сіздің де басыңызда осындай өкініш пен өкпе болса, менің тағдырым сізге сабақ болсыншы. Кеш болмай тұрғанда, ата-анаңыздың көзінің тірісінде жүректегі өкпені жіберіп, кешіріңіз. Кешірім сұрап та үлгеріңіз. Себебі шынайы кешірім, адамға шексіз бақыт пен жан тыныштығын сыйлайды», – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.