in

«Жылаңқы өлең жас кезде, әсіресе ақын қыздарда көп болады»: танымал ақын бүгінгі поэзия жайлы пікірін айтты

Соңғы жылдары қазақ поэзиясында жылаңқы, мұң басым өлеңдер жиі кездеседі. Ақындардың шығармаларынан торығу, шаршау, өмірге реніш сынды көңіл-күйді жиі байқауға болады. Жалпы поэзияда мұндай бағыттың белең алғаны бірден көзге түседі. Мысалға «бүгінгі күні жыл­аңқы өлеңдер неге көп жазылады?» деген сұрақ жиі қойылады

Бұл сұраққа ақын, аудармашы Оңайгүл Тұржан Aiqyn газетінің тілшісіне берген сұхбатында  жауап берді.

– Жылаңқы өлең жас кезде, әсіресе ақын қыздарда көп болады. Оның себебі – қыз бала табиғатын­дағы біреу мені аяса екен, біреу еркелетсе екен деген ішкі та­би­ғи қажеттіліктен болар деп ойлаймын. Жас 30-дан асқаннан кейін еркелік жайына қалады. Сосын қайратты өлеңдер жазыла бастайды немесе жастықтың лебімен топырлай келгендердің қатары сирей бастады. 20 шақтысынан екеу-үшеуі қалса, соның өзі олжа.

– Неге тастап кетеді деп ойлайсыз?

– «Тау басында жел жүрер» дегенге келтіріп айтсақ, жастық щақтың өзі поэзия ғой. Жүріс-тұрысың, сөзің, көзің, өзің – бәрі поэзия сияқты. Өлең жаздыр­тады. Сосын адам өмірі бірте-бірте про­за­лық сипатқа ие болады. Прозалық сипаттағы өмірің бірте-бірте драма жанры сияқтанады. Ал жас алпыстан асқан соң, тірші­ліктің бәрін екшей бастайсың да, өзіңді «ходячий» сын жанры сияқты сезінеді екенсің. Ал енді біреулер өздерінің дарынына тұншығып қалады-ау деймін. 

Сұхбатты  мына сілтемеден толық оқи аласыз.