in

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды

13–20 шілде аралығында талапкерлерден білім беру гранттары конкурсына, сондай-ақ ақылы негізде оқуға өтініштер қабылданады. Құжаттарды eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындары жанындағы қабылдау комиссиялары арқылы тапсыруға болады.

Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл белгіленген:

«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл; «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша – кемінде 70 балл;

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;

Басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл;

 Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін – кемінде 50 балл.

Айта кету керек, жоғары оқу орындары гранттар конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті балын белгілеуге құқылы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.