in

Жерасты суын қалай игеріп жүрміз?

Кеңес заманында Арал қа­ла­сында осы Бурабай суы­­мен емдейтін арнайы емдеу-сауық­­тыру орны жұмыс істейтін еді. Онда душ кабиналары жаб­дық­­талып, арнайы мамандар ха­лық­­қа қызмет көрсетті. Оған елі­міз­бен қа­тар, алыс-жақын шет­ел­дерден ке­ліп емделушілер қара­сы қалың болатын.

Уақыт өте келе тәуелсіздік ал­ған жылдары ат шаптырым ау­мақ­ты алып жатқан емдеу-сауықтыру ке­шенінің жұмысы тоқырап, қа­раусыз қалды. Ондаған жылдай ие­сіз қалған ғимарат кейіннен бұ­­зы­лып, жері жеке тұрғын үй салу­ға жекенің меншігіне берілді. Ал жерасты суы келіп тұрған құ­быр бекітіліп, сырты темір қор­шау­­мен қоршалды. 

Негізінен, бұл емдік қасиеті бар жерасты суы аудан айнала­сын­­­дағы елді мекендерді де айна­лып өтпейді. Соның айғағындай, ау­данға қарасты Ақеспе ауы­лын­дағы ыстық судың игілігін ел кө­ріп жүргені белгілі. Оған әлемнің түк­пір-түкпірінен келіп шомылып жүр­гендер аз емес. Бұл ыстық су бұ­рынғы аудан орталығында емдік ма­қсатта пайдаланылған «Бу­ра­бай» суы екені мәлім. 

Жалпы дерекке сәйкес, бұл ыс­­тық су жер астынан 1986 жыл­дан бері шығып келеді. Кейбір мә­­ліметтерде оның 1000 метр те­реңдіктен шығатыны айтылады. Бір қызығы, қысы-жазы бұлақ суы­ның температурасы +40 гра­дус­тан төмендемейтін көрінеді әрі тұз­дылығы жоғары саналады. 

Емдік пайдасы бар су жүйке ау­руларына, салқын тию, тері, буын дерттеріне таптырмас ши­­­па көрінеді. Бұл жайында Ақес­­­­педегі бұлақ басындағы ар­нау­­­­лы нұсқаулықта да жазылған. Тіп­­­ті, қайбір жылдары Арал ауда­ны әкімдігі тарапынан Ақеспе ауы­­лындағы «Ыстық су бұрқағы» жа­­­нынан емдік шипажай салу жос­­­парланып отырғаны да мә­лім­делген болатын. 

Соңғы күндері аудан ор­та­лы­ғындағы алғашқы шипажай ре­тін­де пайдаланылған жерасты суын қайта игеру қолға алына бастағаны жайлы ақжолтай хабар ел аузына та­рап кетті. Жоғарыда айтып өт­ке­німіздей, тәуелсіздік алған жыл­дары бекітіліп, тот басқан күйі жат­қан құбырды қайта ашып, бұ­лақ суын пайдалануға ниет та­ныт­қандардың әрекеті көпті қы­зық­тырғаны даусыз. Өз кезегінде тың бастаманы қолға алып, бұ­рын­ғы көлшік орнын қайта суға толтыруды қолға алған жандармен пі­кірлестік. Жерасты бұлақ суын қан­дай мақсатта пайдалануды жос­парлап отырғанын сұрадық.

«Негізінен, Арал қаласының өзін­­де жерасты суының 4 ұңғы­ма­сы бар. Соның ішінде біреуі – ем­дік пайдасы бар Бурабай жерасты суы. Бір жыл­дары «Аралды құт­қару қорының» жо­басымен осы ем­­дік суды Арал аудандық ауру­ха­на­­сына емдік мақсатта пай­дала­ну­ға арнайы құбыр тартылған бо­латын. Бірақ жоба жер ортадан тоқ­тап, құбырларды қайта бекітіп тас­тады. Осы жобаны қайта жан­дан­дыру мақсатында 2024 жылы тұрандықтар тарапынан арнайы жо­ба әзірледік. Жоба «Тұран кө­шет питомнигі» деп аталады. Бас­ты мақсат – жерасты бұлақ суын ел­дің игілігіне пайдалану, халық­тың емдік мақсатта пайдалануына қол­жетімділігін арттыру. Сондай-ақ Арал төңірегіндегі игерусіз жат­қан бұлақ суын тұшытып, қуаң­шылыққа тап болған өңірді кө­гал­дандыру мақсатында аяқ су ре­т­інде пайдалануға да мүмкіндік қа­растырып отырмыз. Осы мақ­сат­та Арал ауданы әкімдігімен бір­лескен түрде ауқымды жобаны бастап кеттік. Әкімдік тарапынан құ­бырды қайта ашып, бұрынғы көл­шікті суға толтыру жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Бас-аяғы 20 күн­нің ішінде көлшік қайта тола бас­тады. Аптап ыстықта суға шо­мылуға келетін халықтың қарасы көбейді. Келешекте осы орыннан ша­­ғын жағажай жасап, жергілікті жұрт­шылықтың жиналатын де­ма­лыс орнына айналдыруға болады. Ал тұшыту мәселесіне келсек, ар­найы қондырғылар арқылы же­р­асты суын бірнеше кезең бойын­ша тұшытып, арнайы цистер­на­лар­­ға құйып, аяқсу мақсатында пай­далану жоспарда бар», – дейді бізге «Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Рысбаева. 

Жалпы аталмыш жоба «Жаһан­­дық эколо­гия қорының» қаржыландыруы ар­қылы жүзеге асырылып жатыр. Қоғамдық бірлестік төрайымының мәлімдеуінше, аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында арнайы жер телімі алынып, суды тұшыту қон­дырғыларын орнату жұмыс­тары жүргізілуде. Жоба аясында ауызсуды үнемдей отырып же­рас­ты суын тұшытып, аяқсу мақса­тын­да пайдалану көзделген. Со­ның негізінде Арал өңірінде көр­кейту-көгалдандыру жұмыс­та­рын күшейтіп, экологиялық ай­мақтан таза орта қалыптастыруды жоспарлап отыр. 

«Тұрандықтар ұсынған бірегей жо­баны жүзеге асыруға «Жаһан­дық экология қоры» зор ық­пал танытып отыр. Аталмыш қор жо­бамызды қолдап, қайтарымсыз грант ұсынды. Осы орайда, атал­мыш қордың қолдауымен алынған суды тұшытатын арнайы қон­дыр­ғылар келешекте аралдықтардың ен­шісінде қалатынын да айта кет­кім келеді. Ел игілігі үшін жа­са­лып жатқан бұл бастаманың Арал өңі­рі­нің болашағына ықпалы зор бо­латынына сенім бар. Ең бас­ты­сы, аталмыш жобаны қолдап отыр­ған аудан, қала әкімдігі мен «Жаһан­дық экология қоры­ның» ең­бе­гін ерекше атап өткім келеді», – дей­ді Айнұр Рысбаева. 

Қалай дегенде де, талай жыл иге­русіз жатқан жерасты суын ел игілігіне пайдалануда тың жобаны қолға алып жатқан тұрандық­тар­дың бастамасы қолдауға ие. Қа­зір­дің өзінде бұлақ суы ағып жатқан ала­қандай ғана аумаққа демалуға баратындардың қарасы қалыңдай түскені байқалады. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы