in

Жаңа жыл кешін қандай ғимаратта өткізуге болмайтыны айтылды

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев Жаңа жыл кешін қандай ғимаратта өткізуге болмайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оның айтуынша, жаңа жыл кеші өтетін ғимаратқа қойылатын арнайы талаптар бар.

– Адамдар жаппай жиналатын іс-шара ұйымдастырған кезінде кемінде 2 “эвакуация есігі” болу керек. Жаңа жылдық іс-шараны жанғыш жабыны бар ғимараттың екінші қабаттан жоғары бөлігінде өткізуге болмайды, – деді ол.

Ғабит Бабаев ғимарат ішін әсемдегенде өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау керек екенін айтты. 

– Әшекей шамдарды электрге дұрыс жалғау қажет. Ғимараттың электр жүйесінде төмендеткіш трансформатор болмаса, шыршаға тағылатын шамдар тізбегінің кернеуі 12 вольттен аспау керек, – деді мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары.