Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Головатюк соғыста көрсеткен көзсіз батылдығы үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені, “Жапонияны жеңгені үшін” медалі және Ленин орденімен марапатталған.
Өзінің туған жері – Иркутск облысы, Усть-Ордынский Бурят-Моңғол ұлттық округі, Алар ауданы, Құтылық ауылының тумасы. 15 қазанның 1927 жылы дүниеге келген ол 1943 жылы еңбек армиясына, Иркутск-Байкал темір жолының құрылысына шақырылады.
1944 жылдың желтоқсанында белсенді Қызыл армияға шақырылып, 579-атқыштар полкінің құрамында автоматшы ретінде Жапонияға қарсы ұрыстарға қатысты. 1952-1977 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында жүргізуші, балқытушы-тазартқыш болып жұмыс істеп, Өскемен қаласына көшіп келеді.