in

Еуропа елдері Трамптың «бейбіт жоспарына» түзету енгізуді ұсынды

Еуропа көшбасшылары, сондай-ақ Канада мен Жапония АҚШ ұсынған Украина бойынша «бейбіт жоспарда» мәселелі тұстар бар екенін мәлімдеді. Олар құжаттағы төрт негізгі тармақты өзгерту қажет деп санайды. Негізгі уәж — шекара күшпен өзгермеуі тиіс және Украина әскерін шектеу елді болашақ агрессияға осал етуі мүмкін.

Сонымен қатар, жоспардағы ЕО мен НАТО-ға қатысты тармақтардың іске асуы аталған ұйымдардың жеке келісімін талап ететіні атап өтілді. Еуропалық тарап құжатты толықтай қабылдамаса да, оны әрі қарай талқылауға негіз бола алады деп есептейді.