Ол өткен өмірін еске алып, аяққа тік тұру үшін аянбай еңбек еткенін атап өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Жалғыз басты әйелге еркектің күшіндей-күш, еркектің энергиясындай-энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине еркек бола алмайсың бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орныңды алу үшін, қажымайтын-қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек болады.
Былай айтқанда әйелдік нәзік энергияңды еркектік энергияға айырбастауға тура келеді.
Сіздер осыған келісесіздер ме?», — деп жазды актриса.