Ақмола облысындағы жол апатынан зардап шеккен 13 жастағы жасөспірім санавиациямен Ерейментау ауруханасынан Павлодарға жеткізілді.
24kz тілшісінің мәліметінше, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Қалған 15 бала Павлодарға оралған. Олар елордада өтетін спорттық жарысқа жолға шыққан болатын. Алайда сапар жол апатымен аяқталды.
Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші жүк көлігін басып озбақ болғанда рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан команданың бапкері қаза тапты. Белгілі болғандай, жекеменшік спорт мектебінің басшылығы бұл сапар жайлы полицияға хабар бермеген.