in

Елімізде дауыл туралы ескерту жарияланды

14 қазанда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 14 қазанда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.  Төтенше өрт қаупі күтіледі.

14 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталағында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қазанда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.  Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 қазанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.  

14 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

14 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында 3 градус үсік күтіледі.

14 қазанда күндіз Ақтөбе облысынның батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

14 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі.

14 қазанда Қостанай облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 қазанда түнде және таңертең Абай облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.