“Жігіттер” тобының әншісі Ердос Қанаев жол апатына ұшыраған Нұрсұлтан Рысмағамбетовтің жағдайына алаңдаушылық білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі белгілі дінтанушының жағдайын білгенін атап өтті және көпшіліктен сауығып кетуін тілеуді өтінді.
«Нұрсұлтан ұстазымыз жол апатына ұшырапты деген хабарды естігенде уайымдап қалдық. 10 дұғам болса бәрін сіздің жазылып кетуіңіз үшін Алладан сұрадым. Әлхамдулиллә, бүгін істің жай-жапсарын біліп, көңіліміз орнына түсті. Нұрсұлтан ұстаз дін аман, бәрі жақсы екен. Алла отбасыңызға аман-есен қуанып оралуды нәсіп етсін. Дұға жасап қойыңыздар, бауырлар!» – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.