in

«Досымның туысқаны»: Әділет Майғазиев сүйіктісімен қалай танысқанын айтты

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Кеше ғана үйлену тойын дүркіретіп өткізген ол жұбайымен бір жыл бұрын Ақтауда танысқанын жеткізді. 

“Берекет деген досым кофехана ашқан. Әкем, көмекшісі үшеуіміз қолдау білдіріп бардық. Сол кезде көрдім. Сырттай көріп, ұнатып қалдым. Бірақ ол ашылуда танысқан жоқпыз. Содан арамыз үзіліп қалды. Бір күні Берекет досым үйленетін болды. Сол тойға ата-анаммен бардық. Әдия – досымның жақын қарындасы. Досымның туысқаны болған соң бірден сөзге тартып, танысып кете алмадым. Үйлену тойдан кейін жастар шағын басқосуға жиналдық. Біздің жақын танысуымызға да сол кеш себеп болды. Ертеңіне Берекеттің үйіне менің ата-анам, өзінің туыстары жиналды. Дастарханда Әдия менің жаныма отырып қалды. Сыртқа шыққанда оның аяқ киімін әпердім. Оған қамқорлық жасағым келді. Содан бері дос болып араласа бастадық. Міне, шаңырақ көтердік”, – дейді Әділет. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.