in

Дауыл туралы ескерту – Қазгидромет

“Қазгидромет” РМК Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл — Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында.

Жел 15–28 м/с және одан да жоғары — Жетісу облысы, Атырау, БҚО, СҚО, ШҚО, Абай облысы және басқа өңірлерде.

Тұман — солтүстік, батыс және орталық облыстардың басым бөлігінде күтіледі.

Көктайғақ — Шығыс Қазақстан облысында.

Шаңды дауыл — Қызылорда және Түркістан облыстарында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.