in

Даниял Райымбеков бокстан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

АҚШ-тың Колорадо штаты  Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан боксшысы Даниял Райымбеков және валлилік Томас Дэниэл Питт өзара алтынды сарапқа салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ақтық бәсеке 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өтті. Нәтижесінде, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Уэльс өкілі 5:0 есебімен алтынды қанжығасына байлады. Ал Қазақстан спортшысы күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 2 қараша күні Қазақстанның атынан Асылхан Көшербаев 65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсететін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.