in

Виктория Графеева әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтады

60 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда қазақстандық боксшы бразилиялық Ребека де Лима Сантосқа 1:4 есебімен (29:28, 28:29, 27:30, 27:30, 28:29) есе жіберді.

Алғашқы екі раундтан кейін есеп 3:2 Сантос пайдасына болды, ал соңғысында бразилиялық боксшы 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, биылғы наурыз айында Графеева IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.