Венгрия Сыртқы істер министрінің орынбасары Левенте Мадяр Франциядағы лекциясында Украинаға соғысты тоқтату үшін жерінің бестен бірін Ресейге беруді мысал етті. Ол Венгрияның Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Трианон келісімі арқылы аумағының екіден бірін жоғалтқанын еске салып, мұны “ауыр, бірақ елді сақтап қалған шешім” деп сипаттады.
Мадярдың айтуынша, Украина да дәл осылай “ауыр, бірақ қажет қадамға” баруы тиіс. Оның сөзінше, елдің өміршеңдігін сақтау мыңдаған шаршы шақырым аумақты сақтап қалудан маңыздырақ. Венгрия өкілі мұны кеңес емес, тек тарихи тәжірибе ретінде жеткізгенін айтты.
Алайда Киев бұл пікірді қатаң түрде жоққа шығарды. Украина СІМ өкілі Георгий Тихий: «Венгрия өзі қаласа, өз жерін немесе егемендігін бере берсін. Украинаға ондай кеңес қажет емес», – деп жауап берді.