25 тамызда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде екпіні күшті жел, бұршақ, найзағай, шаңды дауыл және тұман болады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел тұрады, облыстың шағысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 25 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 25-29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 31-36 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Павлодарда түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.