Әнші, продюсер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Валерий Меладзе Астанадағы жеке концертінде елорда мен оның тұрғындары туралы ой бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ол ел астанасы естен кетпес әсер сыйлағанын атап өтті.
«Астананың құрылысы алғаш басталған кезде, тіпті енді жоспарланған уақытта да осында болдық. Сондай-ақ, біз Астана ел астанасы болған шақты да өз көзімізбен көрдік, ал енді сұлулығына күнде тамсанып жүрміз. Мұнда келген сайын қаланың өсу қарқынына еріксіз таңғаламыз. Бұл қарапайым ғана заманауи қала емес. Бұл – болашақтың қаласы! Біз көптеген қалада болдық, әлбетте ең бастысы – жергілікті тұрғындары екені сөзсіз», – деп Меладзе сахнада тұрып ойын білдірді.
Валерий Меладзе елорданың нәзікжанды тұрғындарына ерекше назар аударды.
«Біз ер адамдар әдетте әйел затына, осы әдемі қаланың сәнін арттыратын қыздарға ерекше көңіл бөлеміз. Ендігі орындайтын әнімізді нәзік жаратылыс иелеріне, залда отырған бикештерге және Астананың сұлуларына арнаймыз», – деп әнші «Как ты красива сегодня» әнін орындады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.