in

Бүгін – Халықаралық отбасы күні

– Бұл жүрекке жылы мереке отыз жылдан астам уақыт бойы отбасы атты ең қастерлі құндылықты еске салып, насихат етіп келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен бекітілген бұл күн – әрбір адам үшін маңызды мәселелерге назар аударуға, яғни қамқорлық, қолдау, махаббат және балаларымыздың жарқын болашағы секілді ізгі құндылықтарды ұлықтауға мүмкіндік береді, – деп жазды Аида Балаева.

Бұл ретте жаңа ғана шаңырақ көтеріп жатқан жас отбасыларға ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсету маңызды. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған заңнама жетілдіріліп келеді. Қолдау тек сөз жүзінде ғана емес, әлеуметтік жәрдемақылар мен бала күтіміне арналған төлемдер арқылы нақты көрініс тауып жатыр. Бүгінде елімізде 112 Отбасы қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар азаматтарға өмірлік маңызды мәселелерді шешуге көмектесіп, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіп отыр, – деді министр.

– Балаларын сүйіспеншілікпен тәрбиелеп отырған, отбасылық дәстүрді ұқыппен сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан әрбір жанға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер – еліміздің тірегі, жарқын болашақтың негізісіздер. Барша отбасына шуақты өмір, мықты денсаулық, жылылық пен бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта қуаныш пен шаттық мол болсын!, – деген тілегін білдірді Аида Балаева.

– Қазақстанның әр өңірінде өзгелерге үлгі болатын, тағылымды тарихы бар отбасылар бар екеніне сенімдімін. Баршаңызды осы маңызды әрі ізгі байқауға қатысуға шақырамын. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз көпшілікке шабыт сыйлайтыны сөзсіз, – деп түйіндеді министр.