in

Бүгін елімізде қандай ауа райы күтіледі?

“Қазгидромет” Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 16 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарды болжады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді, найзағайлы жаңбыр, бұршақ жауып, еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады, түнде және таңертең солтүстікте, орталықта тұман болады. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.  

Алматы облысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында,  Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында,  Павлодар облысының  батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында, Атырау облысының шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан  облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарында 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысында 35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз Қостанай облысында 35-36 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.