Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында құтқарушылар бірнеше күн бойы жақындарымен хабарласа алмаған зейнеткер әйелді аман алып шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
1959 жылы туған тұрғыннан хабар болмаған соң, туыстары алаңдап, құтқару қызметіне жүгінген. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері көпқабатты үйдің балконына саты арқылы көтеріліп, терезе арқылы пәтерге кірді.
Әйел пәтер ішінде әлсіреген күйде жатқан жерінен табылып, оған шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылды.
Дәрігерлер алғашқы көмекті көрсеткен соң, зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.