Әнші Ұлықпан Жолдасов шашын өсіруге не себеп болғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі бүгінгі образының қалыптасуына бала кезіндегі оқиғаның әсері болғанын атап өтті. Әнші желке тұсында қал бар екенін айтады. Ал оны анасы алғаш ауылдағы емшіге барғанда білген екен.
«Негізі, мойным ұзын. Мойнымның артқы бөлігінде алақандай қал бар. Оның өзіндік тарихы бар, ұзақ әңгіме. Шешем ауылдағы құрдас әйелмен құмалақ ашатын көріпкел, емші Айюб деген атамызға барғанда «Құрбыма құмалақ ашып беріңіз» деп айтады. Сонда «Құмалақ құрбыңа емес, саған түсіп отыр» депті анама. «Сенің кішкентай балаң бар екен. Барған соң қара. Мойнында, желке тұсында алақандай ақ қал болу керек. Болса, жеті мүшесінің біреуі кем болады. Бірақ аман болады. Болмаса, қауіп. Мал соясың ба, садақа бересің бе, бірдеңе қыл» деген екен емші. Далада ойнап жүргенмін, кішкентаймын, бес жаста. Анам айқайлап шақырып алды да, желкемді қарады да «Бар екен, бар екен» деді де, кетіп қалды. Содан күнде таңертең сағат бес, алтыларда тұрғызып алады да, қалды қаламмен сызады. Сызғанда қалдың орны қарая береді екен, сөйтіп жоқ болып кетеді. Сол қара дақ бар. Сол үшін де шашыммен жабамын. «Жеті мүшесінің біреуі кем болады» деген еді. Үшінші сыныпта қолымды сындырып, содан қолым қатты бүгілмейді. Сосын қысқарып қалды, қисық болды. Осы қолмен әскерге барып келдім», – дейді әнші Хабар телеарнасындағы «КешREC» бағдарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.