in

Бейнеуде «Қамқорлық» орталығы ашылды

Іс-шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилы­бай, қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің мүшелері, мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары және жергілікті тұр­ғын­дар қатысты.

Өз сөзінде аймақ басшысы заманауи жаб­дықтармен қамтамасыз етілген жаңа ор­талықта балалар уақытылы, сапалы ме­ди­циналық көмек алатынына сенім біл­дірді.

– Мемлекет басшысы ерекше балалар үшін сапалы әрі қолжетімді оңалту қыз­ме­тін қамтамасыз етуді басым міндеттердің бірі ретінде атап өтеді. Осы мақсатта Бей­неу ауданында заманауи талаптарға сай жаңа орталық ашылып отыр. Мұнда ба­ла­лар дер кезінде медициналық көмек алып, денсаулығын қалпына келтіруге және өмір са­пасын жақсартуға мүмкіндік алады. Бар­лық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген бұл орталық ата-аналарға да үлкен қолдау болмақ. Енді олар баласын алысқа апар­май-ақ, аудан орталығынан сапалы қыз­мет ала алады. Баршаңызға денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жаңа орталық жылына 600-ге дейін баланы қабылдап, 14 күндік оңалту курс­тарын ұйымдастырады. Балаларға әр 2-3 ай сайын үздіксіз ем алу мүмкіндігі бері­леді. Ай сайын шамамен 100 балаға дейін қабылдау жоспарланған.

Аумағы 444,5 шаршы метрді құрайтын ғимарат Бейнеу ауылының әкімі тара­пы­нан күрделі жөндеу жүргізіліп, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен «Қамқорлық қорының» қолдауымен жаңа заманауи жаб­дықтармен жасақталды.

Орталықта 1 дәрігер, 8 орта буын және 2 кіші медицина қызметкері жұмыс іс­тей­ді. Сонымен қатар қызмет көрсете­тін 10 маман арнайы кәсіби дайындықтан өткен.

«Қамқорлық» орталығы орталық жүй­ке жүйесі зақымданған, сал ауруы, даун синд­ромы, бұлшықет дистрофиясы секілді диаг­нозы бар балаларға оңалту көмегін көр­сетеді. Жобаның мақсаты – балаларды ерте кезеңнен оңалтып, олардың әлеумет­тік бейімделуіне ықпал ету, өмір сапасын жақсарту және мүгедектіктің алдын алу.

Тілек ҚАБЫЛ