in

«Балаңның жанында болмайсың ба?»: Қайрат Нұртас тойға барамын деп оқырмандардың сынына қалды

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың жаңа видеосы жарияланды. Бейнежазбада әнші ұшақта отырып, тойға жол тартқанын айтады.

Оқырмандардың реакциясы әрқилы болды. Бірі «ақ жол» тілеп, өздерінің тойына да шақырып жатса, енді бірі «балаңның жанында болмайсың ба?» деп ренішін білдірді.

Әншінің әр қадамы әдеттегідей ел назарынан тыс қалмады – бұл жолы да жылы лебіз бен сын қатар айтылды.