Бадминтоннан Қазақстан командасының мүшесі Дмитрий Панарин 2024 жылғы Олимпиада ойындарының аясында екінші матчын өткізді , – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Панариннің қарсыласы – 22 жастағы канадалық спортшы Брайан Янг.
Матч екі геймге созылып, 21:18, 21:10 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.
Қазақстандық спортшы D тобында өнер көрсетті. Алғашқы ойында ол жапониялық Кенто Нишимотодан жеңілген еді.
Келесі айналымға топта жеңіске жеткен спортшы ғана өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.