in

АҚШ Украинаға әскери көмекті тоқтатпақ

АҚШ Украинаға әскери көмекті тоқтатты. Бұл туралы атақты The Telegraph жазды.

Басылымның мәліметінше, 2025 жылдың маусым айында Қорғаныс министрі Пит Хегсет Конгресстегі тыңдау кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Трамп әкімшілігі Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты бұрынғы бағыттан бас тартып, мәселені бейбіт келіссөздер арқылы шешу керек деп санайды. Осылайша, Вашингтон Украинадан алыстап, соғысты Еуропаның проблемасы деп қабылдап отыр. Министрдің сөзіне қарағанда, АҚШ-тың 2026 жылғы әскери бюджетінде Украинаға арналған көмек қарастырылмаған.

АҚШ 2022 жылдан бері Украинаға 74 миллиард доллар көлемінде көмек беріп келді. Бұл көмекке Patriot әуе қорғаныс жүйелері, HIMARS зымыран кешендері, артиллериялық жүйелер, танктер мен миллиондаған оқ-дәрілер кірген болатын. Енді Киев ең қуатты және ықпалды одақтасынан айырылады. Бұл Украинаға ауыр соққы болды, себебі елдің қорғаныс қуаты осы көмектің арқасында сақталып келген.

Қазіргі жағдайда Украинада үш негізгі таңдау ғана қалды: біріншісі — Еуропа қаржыландырып, АҚШ қаруын сатып алу;

екіншісі — еуропалық инвестициялар есебінен өз аумағында әскери өндірісті күшейту;

үшіншісі — Еуропа тікелей әскери көмек көрсетсе ғана өміршең қорғаныс құру.

Алайда Еуропа нақты істе баяу, – деп жазады The Telegraph авторы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз