АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденге метастаздық простата обыры диагнозы қойылып, ол сәулелік және гормондық терапия қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz
NBC News мәліметінше, дәрігерлер ауруды агрессивті түрге жатқызғанымен, ол гормондық емге сезімтал сипатта.
Дереккөздер Байденнің емдеу процесі тұрақты жүріп жатқанын, жағдайы бақылауда екенін хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, сәулелік терапия обыр жасушаларының таралуын тежеуге бағытталған.
Бұған дейін, қыркүйек айында Байденге терісіндегі ісік жасушаларын алып тастау үшін Моһс (Mohs) әдісімен шағын операция жасалған. Дәрігерлер оның емделу барысын оң бағалап отыр.