in

АҚШ президенті Венесуэланың әуе кеңістігі толық жабылатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла үстіндегі және оған іргелес аймақтардағы әуе кеңістігінің толық жабылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Reuters мәліметінше, бұл шешім азаматтық әуе компанияларына, ұшқыштарға, сондай-ақ есірткі тасымалы мен адам саудасына қатысы бар топтарға ескерту ретінде жарияланды.

Вашингтонның бұл қадамы АҚШ-тың Венесуэлаға қысымды күшейту саясаты аясында қабылданған. Шектеулер аймақтағы әскери белсенділіктің артуымен және елге қарсы жүргізіліп жатқан операциялардың жаңа кезеңімен байланысты.