Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Даниярбек Мағжан республикалық деңгейде үлкен жетістікке жетіп, «Үздік ауыл мектебінің оқушысы –2026» құрметті атағына ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл жоғары марапат – оның қажырлы еңбегі, білімге деген ұмтылысы және ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада көрсеткен үздік нәтижелерінің лайықты бағасы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.