in

Ақмола облысында көлік қағып кеткен 8 жастағы қыз көз жұмды

Mercedes көлігі 8 жастағы қызды қағып кетіп, бала алған жарақатынан аурухана кереуетінде көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Макинск қаласындағы Мәскеу көшесінде болған.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жолдың белгіленбеген тұсынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апатынан зардап шеккен 2018 жылы туған қыз медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Қайғылы жағдайға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қазір жол апатының барлық мән-жайы анықталуда.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.