in

Ақмола облысындағы ұлттық паркінде өрт шықты

 Ақмола облысындағы «Көкшетау» ұлттық паркінде орман өрті сөндірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 17 маусымда сағат 15:59-де шыққан. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Арықбалық филиалы аумағындағы Торғай орманшылығында орман өртенді.

– Өрттің жалпы аумағы – 11,58 гектар. Оның ішінде 0,38 гектары орманмен көмкерілген жер болса, 11,2 гектары ормансыз (жайылымға) тиесілі. Өртті сөндіру жұмысына 24 адам мен 8 техника жұмылдырылды,– делінген хабарламада.

«Көкшетау» ұлттық паркі ормандар мен табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тіпті болмашы ұқыпсыздықтың өзі табиғатқа орасан зор зиян келтіруі мүмкін.