Атырау қаласында Авангард ықшамауданындағы ойын-сауық саябағынан өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тілендиев көшесінде орналасқан ойын-сауық паркі аумағында ағаштан жасалған «қорқыныш бөлмесі» мен карусель жанып кетті.
Өрт сөндірушілер келген кезде нысандардың толықтай отқа оранғаны анықталды. Өрт өршіп кеткен. Өрттің тез таралуына жанғыш материалдардың көп болуы себеп болған жоғары өрт жүктемесі әсер етті.
– Құтқарушылар оттың көрші ғимараттарға таралуына жол бермей, өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ақпаратта.