Қазақстандық оқушылар биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадада тамаша нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парағында сүйіншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Филиппинде өткен International Biology Olympiad (IBO-2025) – мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылатын ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі. Биылғы байқауға әлемнің 80 елінен 320-дан астам дарынды оқушы қатысқан.
Қазақстан құрамасы жарысты 100% нәтижемен аяқтап, команданың барлық төрт мүшесі де қола медаль жеңіп алды:
Ерсултан Қайыркен – Павлодар қаласындағы “Білім-инновация” лицейінің 10-сынып оқушысы
Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы
Айғаным Балташева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы
Алихан Ашырханов – Алматы қаласындағы “Білім-инновация” лицейінің 8-сынып оқушысы
Жас биологтарды жарысқа Ләйлә Асқарова мен Ильяс Сакимов дайындаған.
Айта кетейік, IBO олимпиадасын елімізде өткізу туралы шешім 2021-2022 жылдары “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығын басқарған Ануар Ұнайбековтің бастамасы негізінде қабылданған болатын. Осы бастама нәтижесінде IBO-2024 халықаралық олимпиадасы былтыр Қазақстанда сәтті ұйымдастырылды.