Казақстандық файтер Асу Алмабаев перулық Хосе Очоаны үш раундқа созылған жекпе-жекте жеңді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Оның бұрышында DAR Team командасындағы серіктесі Шавкат Рахмонов болды.
Қазір 31 жастағы Алмабаевтың көрсеткіші – UFC-де 5 жеңіс, 1 жеңіліс, жалпы ММА-да 22 жеңіс, 3 жеңіліс. Ол жеңіл салмақта UFC рейтингінде тоғызыншы орында тұр.
Ал 24 жастағы Хосе Очоа бұл жекпе-жекке қысқа мерзімде келісім берген. Ол 14 маусымда ғана өнер көрсеткен және бұл жекпе-жекте оң нәтиже көрсеткен өзбекстандық Рамазан Теміровтің орнына шықты. Қазір UFC-де оның көрсеткіші – 1 жеңіс, 2 жеңіліс, жалпы ММА-да – 8 жеңіс, 2 жеңіліс.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз