in

Астана, Алматы, Шымкентте алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы мен Шымкентте ауа температурасы +16°С және +19°С дейін жылынады. Ал Астанада ауа температурасы -7°С дейін төмендейді.

Астана 

26 қарашада жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең жел 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -1–3°С, күндіз +4–6°С.

27 қарашада кей жерлерде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Жел екіпіні 20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2°С.

28 қарашада күн жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -5–7°С, күндіз -1–3°С.

Алматы 

26–27 қарашада жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +2–4°С, күндіз +14–16°С.

28 қарашада күн жауын-шашынсыз. Жел соғады. Ауа температурасы түнде +2–4°С, күндіз +11–13°С.

Шымкент

26 қарашада аздап күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1–+1°С, күндіз +16–18°С.

27–28 қарашада жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -1–+1°С, күндіз +17–19°С.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.