Қазақстанның Экологиялық ұйымдар қауымдастығы мен StopMusor жобасы елордада «Таза Қазақстан» акциясына орай Jasyl Fest екінші экологиялық фестивалін ұйымдастырады, – деп хабарлайды Аikyn.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шара 14 маусымда «Жетісу» саябағында қала әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Фестиваль аясында келушілер жақсы күйдегі киімдер, кітаптар, ойыншықтарды әкеліп тапсыра алатын дәстүрлі дармарка өтеді. Қағаз, пластик, шыны, мата, электроника және тағы басқа екінші рет өңдеуге болатын қалдықтар қабылданады.
Сондай-ақ, қалдықтарды сұрыптау және экотренер Мариям Қасымовамен бірге шопперлерді бояу бойынша шеберлік сабақтары өтеді.
Фестиваль алаңында жаңбыр құрттары бар компост аймағы орналастырылады, сондай-ақ бір реттік ыдыс жасау технологиялары таныстырылады.
Келушілерге викторина мен жобаның өнімдері, ал балаларға аниматорлармен бағдарлама ұсынылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.