Елордадағы әкімшілік ғимараттардың бірінің фронт-офисінде 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешкен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Оның Өскемен қаласының 68 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Өз әрекетімен ол айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық орында жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
Ер адам ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды.
Полиция қоғамдық орындарда мінез-құлық нормаларын әдейі елемеуге және айналасындағыларға құрметсіздік танытуға жол берілмейтінін, мұндай әрекеттер заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтыратынын ескертеді.