Әнші Айгерім Қалаубаева Instagram парақшасына жаңа видео салды. Бейнежазбада ол Нұрлан Әлімжанмен бірге бір кешті жүргізуге дайындалып жатқан сәтін көрсеткен.
«Амалдарды көбейтейік! Немесе армандарымызды азайтуға тура келеді», — деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Айгерімнің сұлулығына тәнті болғанын жазса, енді бірі екеуіне қатысты түрлі болжамдарын пікір ретінде қалдырған.