in

Алматы қаласынан 258 шақырым аумақта жер сілкінді

Алматыдан 258 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар мнистрлігінен мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.

«Сезілетіні туралы мәліметтер: Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балл болды: Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдары (таулы аймақтар). Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.