Алматы қаласының ТЖД-нің 112 пультіне «Башута» шыңынан түскен кезде 4 адамның адасып кеткені туралы хабар түсті, – деп хабарлайды ТЖМ
Құтқарушылар таулы аумақпен шамамен 5 шақырым жүріп өтіп, теңіз деңгейінен 3 000 метр биіктікте туристерді тапты. Кейін оларды Шымбұлаққа дейін аман-есен жеткізді. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ тұрғындарға тауға шығарда маршрутты алдын ала зерттеп, жақындарына хабарлап отыруды, ауа райын тексеруді және байланыс құралдарын өзімен бірге алуды ескертеді.