in

Алматыда ер адам өзін-өзі көлігімен қоса өртеп жіберді

Аталған оқиға 1 қазанда Түрксіб ауданындағы айыппұл тұрағының аумағында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, 33 жастағы ер адам алдымен көлігін, содан кейін өзін өртеп жіберген.

– Сағат 13.10-да мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru көлігін тоқтатты. Көлік иесінің 1,300 млн теңге көлемінде төленбеген айыппұлы болған. Тексеру кезінде жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған. Белгіленген ережелерге сәйкес, көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылуы тиіс, жүргізуші біраз уақыттан кейін осында қайтып келген. Жүргізуші көліктің ішінде отырып, көлік құралына, сосын өзіне бензин шашып, жағып жіберді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін жедел шаралар қабылдап, өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен өртті сөндірген. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Көлікті сөндіруге полиция қызметкерлері мен оқиғаның куәгерлері қатысқан.