in

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Алматы қаласында «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді. Енді мәдениет ошағы «Асанәлі Әшімов театры» деп аталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Асанәлі Әшімовтің өнер жолы, театр мен кино саласына қосқан зор үлесі, сондай-ақ ұстаздық қызметі ұлттық мәдениеттің алтын қорына енген.

Жаңарған театр дәстүр мен заманауи бағытты үйлестіре отырып, көрерменге мазмұнды әрі сапалы қойылымдар ұсынуды мақсат етеді.