Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 санатындағы беделді теннис турнирінде қазақстандық Александр Бублик чемпион атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Финалда ол ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 есебімен жеңіп шықты.
Бұл Бубликтің Галледегі екінші жеңісі — ол бұл турнирде бұған дейін 2023 жылы да топ жарған болатын. Сонымен қатар, бұл жеңіс арқылы Бублик Медведевпен жеке кездесулер тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейінгі жеті матчтың барлығында ресейлік теннисші жеңіске жеткен еді.
Турнирдегі жеңісі үшін Александр Бублик 471 755 еуро көлемінде жүлде ақшасын иеленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз