Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 06-08 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі, апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дауылды ескертулер сақталады:
06 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
Ақтөбе қ.: 06 ақпанда ауа температурасы түнде 23-25 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
06 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 28 градус аязға дейін, күндіз 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.
06 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Петропавл қ.: 06 ақпанда ауа температурасы түнде 20-22 аязға дейін, күндіз 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді.
06 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Көкшетау қ.: 06 ақпанда ауа температурасы түнде 18-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
06 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде 12 градус аязға дейін күрт төмендейді.
06 ақпанда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Шымкент қ.: 06 ақпанда күндіз 2-4 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Түркістан қ.: 06 ақпанда күндіз 3-5 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
06 ақпанда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Тараз қ.: 06 ақпанда ауа температурасы күндіз 2-4 градус жылы күрт төмендейді.
07 ақпанда Ақмола облысында ауа температурасы түнде 17-22, облыстың батысында 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Астана қ.: 07 ақпанда ауа температурасы түнде 18-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
07 ақпанда Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендейді.
07 ақпанда Қарағанды облысында ауа температурасы түнде және күндіз 11-16, облыстың батысында, солтүстігінде 19 градус аязға дейін күрт төмендейді.
07 ақпанда Павлодар облысында ауа температурасы түнде және күндіз 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
06 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 06 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 ақпанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 ақпанда Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с, облыстың таулы бөктерінде екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
07 ақпанда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 8-13 градус аязға дейін күрт төмендейді.
07 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 12-17 градус аязға дейін күрт төмендейді, 08 ақпанда түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
08 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 18, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде, шығысында 16 градус аязға дейін күрт төмендейді.
06 ақпанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с.
Шымкент қ.: 06 ақпанда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 06 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
06 ақпанда түнде Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ: 06 ақпанда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 17 м/с күтіледі.
06 ақпанда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
Тараз қ.: 06 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
06 ақпанда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 06 ақпанда оңтүстік-батыстан жел күтіледі, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
06 ақпанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда көктайғақ. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
06 ақпанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 06 ақпанда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 06 ақпанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
06 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
06 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғады жел, батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 06 ақпанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
06 ақпанда түнде Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Қарағанды қ.: 06 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.
06 ақпанда Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Жезқазған қ.: 06 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
06 ақпанда түнде Абай облысының батысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Семей қ.: 06 ақпанда күндіз (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
06 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Өскемен қ.: 06 ақпанда күннің екінші жартысында (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
06 ақпанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, түнде облыстың оңтүстігінде қатты қар. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 06 ақпанда тұман күтіледі.
06 ақпанда Ақтөбе облысының шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
06 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
06 ақпанда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі.