in

Азия ойындары: Қазақстаннан сегіз боксшы финалға шықты

28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

1/2 финалдың нәтижесі бойынша сегіз қазақстандық боксшы ақтық сында шаршы алаңға шығады.

Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін), Досжан Жұмақан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) ақтық сында алтын медаль үшін таласады.

Ал Рамина Маханова (54 келіге дейін) және Санжар Матасов (75 келіге дейін) қарсыластарына жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, финалдық жекпе-жектер 30 қазанда өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.