in

Азия ойындары: Қазақстаннан он боксшы жартылай финалға өтті

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокс сайыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, жалпы есепте он қазақстандық боксшы аталған доданың жартылай финалына жолдама алды. Осылайша олар өздеріне кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Рамина Маханова (54 келіге дейін), Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Нұрмахан Жұмағали (50 келіге дейін), Санжар Матасов (75 келіге дейін), Досжан Жұмахан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалында шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, жартылай финалдар бүгін, 28 қазанда өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.