in

Абай облысында үш бала жол апатынан көз жұмды

Абай облысының Үржар ауданында қайғылы жағдай болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үш балаға дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр. 

Президенттің тапсырмасымен Астанадан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен жеткізілді. 

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес қаза болғандардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті барлық қолдау, сондай-ақ психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. 

«Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында», – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.